top of page

Қысқаша өмірбаяны

Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті.

  • 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды.

  • 1934 жылы мектеп бітірген­нен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павло­дар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

  • 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның бас­қыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.

  • Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

  • Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашы­лығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.

  • 1951-1954 жыл­дары Қазақстан Компартиясы Орта­лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды.

  • 1953-1972 жылдар аралығында «Жазу­шы» баспасы директорының орын­басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» бас­пасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

bottom of page